in English по-русски

Муса әліпбиі қазақ тілі ушін



Қазақ тілі – Орталық Азияда, негізінде Қазақстанда, 15 миллион адам сөйлейтін Түркі тілі. Өткен ғасырда ғана үш түрлі әліпбиде жазылғандығына қарамастан Қазақстан үкіметі жақын арада жаңа әліпбиге көшуді, яғни қазақ әліпбиінің төртінші рет өзгеретіндігін жариялады. Алайда, бұл өзгеріс ауқымды қаражат қажет ететін және де күнделікті өмір ағыны мен мәдениет пен білім беру жүйесінің үздіксіздігін бұзатын өзгеріс.


Араб жазуы Түрік жазуы (1930s) Кириллица жазуы

Осы әліпбилердің барлығы араб, татар және орыс тілдерінің әліпбилеріне бейімделген болатын. Қазақ халқы түрік әліпбиінің негізін құрған «Жаңа емле» немесе Яңалиф (Jaꞑalif) деп аталатын татар әліпбиін Сталлин кириллица жазуын міндеттегенге дейін бірнеше жыл пайдаланған болатын. Бүгін Орталық Азия республикаларының барлығы тәуелсіз мемлекеттер, осы себептен Қазақстанның Ресей ықпалы өрісінен шығып халықаралық деңгейге көшу ынтасының мағынасы зор. Дегенмен, Қазақстан түркі кеңесі мойындаған түрік әліпбиін таңдамады.

Ұсынылған латын графикасының негізіндегі әліпбиде жетіспейтін дыбыстарды таңбалайтын тоғыз диграфты белгілеу үшін дәйекшектер пайдаланылады. Бұл дәйекшелер қаріптердің көркін кетіреді, оның үстіне бұл дыбыстарды таңбалайтын қаріптер де (ä ç ğ ı ñ ö ş ü ž), диграфтар да (ae ch gh y ng oe sh ue zh) бар. Ұсынылған j q және y қаріптері жаңылыс тудырады, ал c w және x қаріптері мүлдем пайдаланылмайды, алайда соңғы екі қаріп қазақ тілінде бар және де Халықаралық фонетика әліппесінде (International Phonetic Alphabet, IPA) бекітілген дыбыстарды белгілейді. Стандартты жазу қазақ тілін танымайтын оқырмандар үшін қазақ тілінде оқуды мүмкін етеді; ал егер ол жалған болса, бұл қазіргі әліпбидің ұтымдылығын да жоққа шығарады, себебі қаріптер​ таңбалайтын әрбір дыбысты ажырата білу қиындық тудырады!


Ұсынылған әліпбиі Түрік әліпбиі (2000s) Муса әліпбиі

Қазақ елі пікірін тағы да өзгертті. Енді апострофты әріптен кейін (n’) қоюдың орнына, оны диактрикалық таңбалар секілді әріптің үстінен (ń) белгілейді... бірақ орныққан және бір-біріне ұқсас ш мен ч әріптерінде емес (поляк тіліндегі ś мен ć секілді). Бұл екі жағдайда sh мен ch диграфтарын қолданбақ (с әрпі басқаша қолданылмағандығына қарамастан). Сондай-ақ түркі тіліндегі нүктесіз ı таңбасын қолданбақ, олай болса неге жалпы түрік әліпбиін ендірмеске?

Егер қазақ елі ағылшын пернетақтасы бар ұялы телефондарды пайдалана алғысы келсе, одан жоғары екпіндер (акут) мен нүктесіз ı таба алмайды. Ал егер “нүктелер мен қисық сызықтардан” аулақ болғысы келсе, екпінділерді неге қолданбақ? Сонымен қатар, егерде Батыс елдерімен қарым-қатынасты жеңілдетпек болса, неліктен w (у) әрпін ý ретінде таңбаламақ? Бұл жан-жақты ойластырылған жақсы шешім дегені өте күмәнді.

Түзетулер (2019 ж.): Қазақстандықтар өз шешімін қайтадан өзгертті. Жаңа әліпбидің соңғы жобасында диграфтар мен екпінділер жоқ, алайда диактрикалық таңбалар мен жаңа әріптер бар. Ұсынылған нұсқа, түрік әліпбиіне ұқсастығына қарамастан, қолдану мен түрік пернетақтасын пайдалануға сай емес. Жаңа әліпбидің ақырғы нұсқасы әлі де дайындалуда.
Түзетулер (2021 ж.): Қазақстандықтар өз шешімін қайтадан өзгертті. Жаңа әліпбидің соңғы жобасында төменде жасыл түспен белгіленген.

Әрине, бұл әлипбилердің ең негізгі кемшілігі қаріптерінің жетіспеушілігінде. Жаңадан шығарылып енгізілген қаріптер бүгінгі пернетақтада жоқ, ал диграфтар (бір дыбыс, бір қаріп) ережесін бұзып жаңылыс тудыруы мүмкін. Ал Муса әлипбиінде, керісінше, қазақ тілінің барлық дыбыстарын. Сондай-ақ, орыс, ағылшын, араб, парсы секілді шет тілдеріндегі дыбыстарды да белгілейтін таңбалар бар.

Муса әліпбиі бірнеше басқа да артықшылықтарға ие. Мәселен, бұл әліпби таңбалы, яғни ұқсас дыбыстар ұқсас қаріптермен белгіленеді. Бұл Муса әліпбиін үйренуді жеңілдетеді, ал танымайтын шетелдік қаріптердің дыбысталуын анықтауды мүмкін етеді. Әрбір қаріп бірдей 16 негізгі таңбадан құралғандықтан, Муса әліпбиінің пернетақтасы өте әмбебап және ұзақ емес: тек 20 пернеден ғана құралған. Дегенмен таңбалардың әртүрлі пішіндері сөздерді танып оқуды жеңілдетеді, себебі сөздердің әрқайсысы бір нақты белгі секілді болып көрінеді.

Муса әліпбиінің қазақ тілі дыбыстарын белгілейтін қаріптері:

Дыбыстары Еріндік Корональды Дорсальды Тіларты
мұрын жолды м m н n ң ñ
ұяң шұғыл б b д d г g
қатаң шұғыл п p т t к k қ q
ұяң ызың в v з z ж j ғ ğ
қатаң ызың ф f с s ш ş һ h
аппроксимант р r л l й i у u
орыс тіліл ц ts ч щ ştş х h

Дауысты дыбыстар Тілалды Тіларты
Дөңгеленбеген Дөңгеленген Дөңгеленбеген Дөңгеленген
Жабық і ı ү ü ы y ұ ū
Жартылай жабық е e ө ö о o
Ашық ә ä а a
орыс тіліл и i  у u  я ia  ю iu 

Транслит

Транслит қазақ тіліндегі мәтінді кириллицадан Муса жазуына көшіретін құрал:

Транслит Қазақ

Мысалы


Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі


© 2002-2024 The Musa Academy musa@musa.bet 08nov23